Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімі қашан жарияланатыны айтылды

Қаза тапқандардың толық тізімі оқиғаның мән-жайы анықталғанда ғана жарияланады.

Депутат Снежанна Имашеваның сауалына Бас Прокурор Берік Асылов осылай деп жауап берді. Ол алдымен бұл азаматтар қалай қаза тапты, олар кім болды? Бейбіт тұрғын ба, әлде тәртіпсіздікке қатысушы ма осының анығына жетуіміз керек деді.