Ақтөбелік жастар «Амал» мейрамын тойлап жатыр

Ақтөбелік жастар «Амал» мейрамын тойлап жатыр

Қазақтың байырғы салты – «Амал» еліміздің батыс өңірінде кеңінен атап өтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыстың Ұлы күнінің жаршысы, жаңа ай туып, жаңа жылдың қадам басқан сәті деп есептеледі. Сондықтан да «Амалдың» қадір-қасиеті ерекше. Ал бүгінгі шараны олар Ұлттық дәстүрді дәріптеу, адамдарға жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырдық деп отыр.