Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

«Сары» және «жасыл» аймақтарда орналасқан өңірлердегі барлық нысандарда Ashyq мобильді қосымшасын қолдану міндетті емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қосымшаны пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысында жазылған. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу алынып тасталды.

Бұдан бөлек, вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін мекемеге кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен зертханалық тестілеу міндетті емес.

Сондай-ақ...