Алматыда қанттың қымбаттауына алыпсатарлар кінәлі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген мониторинг нәтижесі осыны көрсеткен.

Енді департамент өнімді жеткізумен айналысатын ірі компаниялардың нарықтағы үлесін зерттейді. Тиісті шаралар қабылданады. Егер кәсіпкер қант бағасын алдын ала келісіп, көтерген жағдайда оған айыппұл салынады. Монополияға қарсы департамент халықтың алаңдауына еш негіз жоқ екенін айтады. Қазір көтерме базарларда қант әжептеуір қымбаттаған. Ал әлеуметтік азық-түлік өнімдерін сататын дүкендер желісінде 285 теңгеден сатылуы тиіс. Бірақ сауда орталықтарының бәрінде бірдей қант жоқ. Алматылықтар апта сайын 300-400 тонна қант өнімін тұтынады. Оның арасында кондитерлік цехтар да бар.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бас кеңесшісі:

- Қант бағасын алыпсатарлық баға белгілерінің өсуі бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер немесе келісімдер үстем жағдайда теріс пайдалану нәтижесінде анықталған болса, кіші және орта субъектілерге 3 процент, ірі кәсіпкерлерге 5 процентке дейінгі мөлшерде монополиялық табыс тәркілене отырып, айыпұл салынатынын ескертеміз.