Жайылым жерлерді тиімді пайдалану үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек – Депутат

Елімізде мал жаятын жайылым жер тапшы. 29 млн гектар жетпейді.

Малдың 80 проценті сапасыз жерлерде қорегін табады. Сол себепті де жайылым жерлерді тиімді пайдалану үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек деп санайды сенаторлар. Халықтың 40 проценті ауылда тұрады, 10 млн жуық бас мал ұстайды. Жайылым жүктемесі сақталмағандықтан жердің құнарлылық сапасы төмендеп кеткен. Ендігі жерде жайылым жерлерді тиімді пайдалану үшін оны басқарудың негіздерін жетілдіру қажет. Яғни арнайы басқару институтын құрған жөн дейді депуттар.

Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бір жерде ғана баға береді. Ауылдың жанында баға береді. Алысқа бара алмайды. Ол жерде су жоқ. Скота прогон жоқ. Жолдары жоқ. Бір жылдық жоспар, бес жылдық жоспар деп қарастырып отырмыз. Жоспар арқылы жайылымды тиімді пайдалану үшін жылда мына жерде жаяды, күзде мына жерде жаямыз деген әңгіме болу керек. Сүтті сиырды ауылдың жанына, еркек малды алысқа жіберетіндей өздері сондай құрастыру керек.

Сондай-ақ...