«Хабар» Агенттігінің ұжымы ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге барды

Қазақ үшін қастерлі саналатын Наурыз мерекесіне орай «Хабар» Агенттігі қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр.

10 күнге созылатын телемарафон барысында арна ұжымы балалар үйлерін аралап, ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндермен кездесті. Бүгінде бас шаһардағы балалар онкология орталығында 250 бүлдіршін "аты жаман" аурумен күресіп жатыр. Тағдырдың тауқіметін тартқан кішкентайлар өзге балалар сияқты далаға шығып, асыр салып ойнай да алмайды. Сондықтан «балалардың көңілін аулап, олардың ауруын бір сәтке ұмыттыру үлкен қолдау», - дейді дәрігер.

Осындай ойын-сауықтар, бүлдіршіндердің бойындағы қатерлі ісіктің қарқынын бәсеңдетуге көмектеседі екен. Әрине арна қызметкерлері құр қол барған жоқ. Олар шағын мерекелік бағдарлама әзірлеп, әр балаға үстел ойынын тарту етті.

Балжан Өмірбекова, онколог-дәрігер:

- Бұндай мерекелік бағдарламалар өте маңызды. Себебі балалар біздің стационарда бір айдан астам уақыт ем алады. Олар үйлеріне бармайды, далаға шықпайды, ойын алаңқайларын араламайды. Сондықтан осы сияқты арнайы бағдарламалар балалар үшін керек. Осындай игі шара арқылы бүлдіршіндер эмоционалды әрі моральдік тұрғыда қолдауға ие болады.

Сондай-ақ...