Ақтаудағы перинаталды орталықта ұлттық нақыштағы босану бөлмесі ашылды

Ақтаудағы «Ана мен бала» перинаталды орталығында ұлттық нақышта безендендірілген босану бөлмесі ашылды.

Палатаға киелі шаңырақ, басқұр бауы сияқты киіз үй бұйымдары ілініп, домбыра мен жарыс қазан қойылған. Жүкті әйел жататын кереуеттегі көрпе-жастықтың тысы ою-өрнекпен безендірілген. Қазақы үрдіспен ерекше үйлесім тапқан босану бөлмесі Амал мерекесі қарсаңында пайда болды.

Жапырақ Епенова, перинаталды орталық директоры:

- Әр босанған әйелге біздің босандыратын акушер, дәрігерлеріміз әр құралдың маңызын жеткізіп айтады. Киіз үйдің бір қабырғасындағы құран, домбыра, бәрі осы жерде көрсетілген. Бұл, біріншіден, босанатын әйелдерге психо-эмоционалдық тұрғыдан жайлы, жылы және де тарих сабақтастығы үзілмесін деген мақсатпен ашылып отыр. Аман-есен, дені сау ұрпақ келе берсін, аналарымыз аман болсын.