Петропавл әуежайы сатылады

Шарт бойынша нысан сенімді басқаруға беріледі. Бірақ меншік иесі оны 3 жылдан кейін қызмет түрін өзгертусіз толық сатып ала алады.

Жергілікті билік өкілдері: «Коммуналдық мекеме өз – өзін ақтамайды. Сондықтан әуежайды бәсекелестік ортаға беруді жөн санадық», - дейді.

Инвестор жөндеу жұмыстары мен құрал – жабдықтарды жаңартуға 1,5 млрд теңге салуға міндетті. Қазір Петропавлдан Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларына ұшуға болады. Сәуір айында Ресейдің Түмен облысына рейс жоспарланған.

Мирхат Әбілмәжінов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Қаржы басқармасы байқау өткізді. Оның қорытындысы бойынша әуежайдың бағасы белгіленді. Нысанның бастапқы құны 5,6 млрд теңге болады.