460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

  • 130
  • UPD: 18:59, 17.03.2022
Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Ақтөбедегі халықаралық әуежай жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ұшып-қону жолағы әбден ескіріп, әуе көліктеріне қауіп төндіре бастады. Сондықтан азаматтық авиация комитеті айлақты жабу туралы шешім қабылдады. Бүгіннен бастап барлық рейс тоқтатылды. Ал сатылған билеттің ақшасы толық қайтарылады. Шетелден ұшып келетін ұшақтар Атырау мен Оралға қонады. Жөндеу жұмыстары бір ай көлемінде аяқталуы тиіс. Алайда әуежай өкілдері ескірген бетон плиталарын он күн ішінде ауыстырып үлгереміз деп отыр. Жергілікті билік өкілдері әзірге әуежай наурыздың 27-іне дейін жабық болатындығын ғана айта аламыз деді.

Хабар 24 телеарнасы