WhatsApp мессенджерінде жаңа реформа туралы жалған ақпарат тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елде несие жойылады.

Зейнеткерлік жас төмендейді деген ақпарат тарады. Бұл жалған хабарлама. WhatsApp мессенджерінде жаңа реформа туралы фейк хабарламалар лезде таралған. Жалған ақпаратта әр балаға 60 000 теңгеден жәрдемақы төленеді. Әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы тиісінше 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі. халықтың несиесі түгел жойылады, тіпті көп балалыларға тегін баспана беріледі делінген. Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ. Айта кету керек, мұндай жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. 

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Серік Беркамалов, заңгер:

- Қоғамдық дау тудыратын ақпарат айтса, кез келген азамат заң жүзінде жауапқа тартылады. Егер ол жалған хабарлама таратса, әлеуметтік желіде тексерілмеген жаңалық жарияласа да заң алдында жауап беруі мүмкін.

Мессенджерлерде сізге келген смс-ті келесі адамға жіберуге асықпаңыз. Мысалы, банк жабылады деп фейк ақпарат тарап, халық арасында шу болса, есесіне үлкен резонанс туындаса, смс-ті таратушы қатаң жазаға тартылады.