Павлодарда коронавирусты емдеу бөлімшелері жабылды

Ертіс өңірінде эпидахуал тұрақталды. Соңғы күндері аймақта коронавирустық инфекция жұқтырудың бірде- бір дерегі тіркелген жоқ.

Бұл соңғы екі жылда болмаған жақсы жаңалық. Осыған орай облыс орталығындағы инфекциялық госпитальдер жабылып, аураханалар бұрынғы режимге көшті. Медициналық мекемелердің жанынан ашылған бөлімшелердің біразы оңалту орталығы болып жасақталды. Ондай бөлімшелер коронавирустық инфекцияның ауыр түрін жұқтырған науқастарға арналған еді. Мәселен, №3 аурухана жанындағы ковид госпиталінде пандемия басталған жеті мыңнан астам азамат ем қабылдаған.