Шымкентте жалған хабарлама жариялаған оқушы ұсталды  

Шымкенттегі мектептердің біріне жарылғыш зат қойылды деп ақпарат таратқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

№87 мектепке бомба қойғанын айтып, әлеуметтік желіге жазба қалдырған сол мектептің өз оқушысы болып шықты. Қазір 2005 жылы туған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс ашылып, тергеліп жатыр. Ал оқиға орнына келген тиісті қызметтің өкілдері жедел көшені жауып, оқушыларды қауіпсіз жерге көшірді. Жарылғыш затты іздеуге тәртіп сақшылары мен саперлар тобы жұмылдырылды.

Айта кетейік, оқушының сабақ үлгерімі мен тәртібіне сыныптастары жақсы баға беріп жатыр. Олардың айтуынша, жалған хабарламаны әлдебіреулер мәжбүрлеп жазғызуы мүмкін. Сондай-ақ оның жеке парақшасын пайдаланып, ақпаратты желіге жүктеуі де ықтимал, – дейді.