Шымкентте нөсер соңы қарға ұласты

Шымкентте нөсер соңы қарға ұласты

Шымкентте тәулік бойы жауған нөсер жауынның соңы ақ ұлпа қарға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала көшелері жауын-шашыннан соң суға толып, тұрғындарды әбігерге салды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел жасағы мен арнайы топ өкілдері су басқан көшелерді түнімен тазартты. Бұл жұмыстарға 200 ден астам қызметкер мен 68 техника тартылды. Ал таңда ұйқысынан оянған жұртты қалың қар таң қалдырды. Себебі көктем ерте келіп, жеміс-жидек ағашы да гүлдеп қойған еді. Енді тұрғындар биыл да бау-бақшаны үсік шалатын болды деп алаңдап отыр. Синоптиктердің айтуынша, құбылмалы ауа райы бір аптаға созылады. Күн күрт жылынып, артынша ауа темпаратурасы тағы төмендейді.