Жаңа облыстар жылдың бірінші жартыжылдығында құрылады

Бірінші жартыжылдық аяқталғанға дейін елімізде жаңа облыстар құрылуы мүмкін.

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Қазір қайта құрылатын аймақтардың өкілдері мен ұлттық экономика министрлігі талқылауды бастады. Елде жаңа өңірлерді құруға  қаражат қоры жеткілікті. Тіпті қажет болса қосымша қаражат бөлінеді. Жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер, жаңа әкімдіктер салынады. Штат қайта қаралады деді министр.  

Қ.Мусин: тиісті қаулылар жоспарлануда

Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, жаңа аймақтарды құруға байланысты тиісті қаулылар  жоспарлануда. Абай және Ұлытау аймақтарының нақты қалай құрылатыны, сондай-ақ Алматы облысының қалай бөлінетіні 2 айдан кейін белгілі болмақ. Бұл ретте облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары санына шектеу қою туралы Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобалары да әзірленетін болады.