Алматыда бірнеше көшені су басты

Алматыда бірнеше көшені су басты

Жауын-шашын мол түсіп, Алматының бірнеше көшесін су басты.

Бұған арық желілерінің қатты тұрмыстық қоқыспен бітеліп қалуы себеп болған. Бүгін арықтарды тазартуға 650 адамнан тұратын мобильді бригадалар, 266 арнайы техника мен 24 мотопомпа жұмылдырылған. Бұған дейін қала аумағында су басудың 14 фактісі тіркелген еді. Оны жоюға әкімдіктердің мердігерлік ұйымдары мен қалалық Төтенше жағдайлар департаменті атсалысты.