«Қылқаламдағы көктем лебі» сурет көрмесі ашылды – Өскемен

«Қылқаламдағы көктем лебі» сурет көрмесі ашылды – Өскемен
inform.kz

Өскеменде Балалар жылына орай сурет көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақпаратқа сілтеме жасап.  

Қаладағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстандағы Балалар жылы аясында «Қылқаламдағы көктем лебі» атты сурет көрмесі ашылды. Онда «Сурет» бейнелеу өнері студиясына қатысушы жас суретшілердің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, кейіннен өнер студиясы жұмысын тоқтатқанымен 2021 жылы қайта іске қосылды. Мемлекеттік «Бала» бағдарламасы аясында «Сурет» студиясы жаңғыртылып, қазіргі таңда жас таланттар «Кескіндеме және бейнелеу өнері», «Қағаз моделдеу» бағыттары бойынша шеберліктерін шыңдап жүр және үйірме тегін.

Студияда балаларға алдымен бейнелеу өнерінің заңдылықтарын, әдістерін үйретіп, содан кейін ғана шығармашылық бағытта тақырыптық жұмыстар жасауға жетелей бастайды. «Алғаш көпшілік назарына ұсынылып отырған жас суретшілердің туындылары – жылдың ең әсем маусымы мен Ұлыстың ұлы күніне арналды. Гуаш және майлы бояумен орындалған әдемі шығармалар көрерменге көктемдей шуақты көңіл-күй сыйлары сөзсіз.Талантты жас суретшілер көрмесі мамыр айының соңына дейін ел назарына ұсынылады», – дейді кітапхана қызметкерлері.