Құрылыс мүлде тоқтатылсын – Алматы тұрғындары

Алматыдағы Ерменсай шағын ауданындағы «Маунтин Драйв» тұрғын үй кешені тұрған жердің топырағы көшіп, еңіске сырғуда. Бұған ғимараттың дәл жанынан қазылған қазандық себеп болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс компаниясы жұмсақ топырақ қабатын ескермей, жаңа үйдің жобалау жұмыстарын бастаған. Салдарынан бұрын салынған 83 пәтерлі 4 тұрғын үйдің іргетасы мен ауласына зақым келген. Дәл іргеден қазандық қазыла бастағалы тұрғындардан маза кеткен. Құрылыс компаниясының қазандықты көрші тұрған үйлерге жақын қазғаны соншалық, топырақ сырғып, ауладағы төсемелер қирауда.

Тіпті пәтерлердің қабырғасы жарылып, үйдің іргетасына зақым келген. Соңғы күндері жауын-шашыннан топырақ тағы босаңси түскен.

Руслан Килимов, тұрғын үй кешені МИБ төрағасы:

– Мұның бәрі өткен жылы басталды. Қазандықтың тым жақын қазылып жатқаны, оның қауіптілігі туралы тұрғындардың шағымына құрылыс компаниясы құлақ аспады. Содан соң біз тиісті мекемелерге арыздана бастадық.

Айгүл Өтемісова, тұрғын үй кешенінің тұрғыны:

Топырақ сырғып, үйіміз құлаудың алдында тұр. Мердігер компания бізді кінәлауда. Айтуларынша, тұрғындардың арызынан кейін жұмыс тоқтатылып, олар қазандықтың қабырғасын нығайтып үлгермепті. Шын мәнінде олар қаңтар айында бекіту жұмыстарын жасау керек еді. Біз құрылыстың мүлде тоқтатылуын талап етеміз.

Дау тудырған жобаның инженері Дмитрий Цойдың айтуынша, құрылыс жүргізуге барлық рұқсат құжаттары бар. Тіпті, жоба сараптамадан өткен. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шыққан.

Дмитрий Цой, құрылыс жобасының инженері:

Торкреттеу әдісімен нығайту жасалды. Жоба бойынша бұл әдіс топырақты ұстап тұру керек болатын. Бірақ олай болмай шықты. Сондықтан қазандықтың қабырғасы құлап, көрші тұрғын үй кешеніне зақым келді.

Тұрғындардың шағымына байланысты құрылыс жұмыстарына жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жобаның сараптамалық қорытындысында шикілік бары анықталды. 

Мадияр Туғанбеков, қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы:

– Тапсырыс берушінің сараптамалық қорытындысы кері қайтарылды. Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер компания сырғымайтын топырақ төгіп, нығыздауда. Одан кейін тірек қабырғалары жасалады.

Құрылыстың қашан қайта іске қосылатыны белгісіз. Ал баспанасы мен бас амандығына алаңдаған тұрғындар «құрылыс мүлде тоқтатылсын» деген райынан қайтпай отыр. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов