Елімізде 27 көліктің VIN-коды жалған болып шықты – ҰҚК

Елімізде 27 көліктің VIN-коды жалған болып шықты – ҰҚК
Tengrinews.kz

2022 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 көлік анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҰҚК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 2021 жылы шекарашылар осыған ұқсас заңбұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтаған.

«Көлік полиция органдарына берілді. Қазақстандықтар республикадан тыс жерде автокөлік сатып алғанда шекарадан өту кезінде осындай заңбұзушылықты болдырмау үшін сақ болуы керек», – деп ескертеді ҰҚК қызметкерлері.