Елде ұн тапшылығы жоқ

Елдегі ұн тапшылығы туралы қарбалас қолдан жасалған. Ұнның жетіспеушілігі жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Өйткені елдегі қор шамамен 138 мың тоннаны құрайды. Өңірлердегі тұрақтандыру қорында да жеткілікті – 11 мың 200 тонна. Сауда нысандары мен өндіруші кәсіпорындарында 53 мың тоннадан бар. Қоймалардағы көлем 21 мың тоннаға жуықтайды.