Арнайы телемарафон: қала тазалығына жауапты қызметкерлерге ыстық тамақ таратылды

«Жаңа күн – Жаңа Қазақстан». Дәл осындай атаумен «Хабар» Агенттігінде арнайы телемарафон өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 күн бойы арна қызметкерлері игі бастамаларды қолға алып, оны кеңінен насихаттайды. Елорда көшелерінде қала тазалығына жауапты қызметкерлерге ыстық тамақ таратылды.

Гүлнәр Нұмышева, жергілкті тұрғын:

- Біз таңғы 6-дан жұмысқа шығамыз. Тіпті, түнгі 2-3-терде тұратын кездеріміз де бар. Өйткені, күн шыққанша барлығын тазалап, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауымыз керек.

Тағамдарды елордалық танымал аспаз Рашит Мустафе әзірледі. Ол ұсынысты бірден қабылдап, жұмысқа құлшыныспен кіріскенін айтады.

Рашит Мустафе, аспаз:

- Біздің мейрамхана «Хабар» Агенттігінің жобасына бірден қолдау танытты. Өйткені, көше тазалайтын адамдардың жұмысы ауыр. Оңай емес. Сондықтан барынша бір-бірімізге қолдау танытып, қуаныш сыйлап жүруіміз керек.