Алматыда жылу магистралі жарылды

Зардап шеккендер жоқ. Бірақ коммуналдық апат салдарынан үш көшенің тұрғындары жылусыз және ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жарылыстың салдары жойылды. Алматының жылу-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының өкілі Ян Гириннің айтуынша, апаттың себебі – құбырдың тозуы. Құбыр 1989 жылы пайдалануға берілді. Мұндай құбыр 25 жылға есептелген, бірақ құбырдың іске қосылғанына 33 жыл болған. Қазір аудандағы бірқатар үйлер жылусыз қалды. Ыстық сумен қамтамасыз ету шектелді.