Петропавлдағы ЖЭО аумағында ауа ластанған жоқ – ЭГТРМ

Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апат ауаның ластануына әсер еткен жоқ. Бұл туралы экология геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда облыстағы Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауаны тексерген. Сондай-ақ «Қазгидрометтің» бақылау бекеттерінде де ауаның ластануы нормадан асып кеткен жағдай анықталған жоқ. Мониторингтік бақылау жұмыстары жалғасады.