«Хабар» арнасындағы телемарафонда тағы бір көп балалы отбасы баспаналы болды

«Хабар» арнасының «Жаңа күн - Жаңа Қазақстан» атты телемарафонында тағы бір елордалық көп балалы отбасы баспаналы болды.

6 баланың анасы Алмагүл Қалменбаеваға қайырымдылық қорының атынан жеке пәтер сыйға берілді. Игі іске «Хабар» Агенттігі де үлес қосты.

Еске салайық, Ұлыстың ұлы күніне арналған телемарафон 23 наурызға дейін жалғасады.

Алмагүл Қалменбаева, қала тұрғыны:

- Мен мұндай сыйлықты күткен жоқпын. Біріншіден, халыққа, асар румиге, «Хабар» телеарнасына рахмет. Алты баламен жалғыз, басында дачада тұрғанмын.  Таңертең екі сағат барып, кешке екі сағат барып, пол жуып келем. Жұмысқа кеткенде балаларды үлкен ұлым қарап отырады.