ШҚО-да 68 мектепке жөндеу жүргізіледі   

Бұл үшін өңірлік бюджеттен бір жарым миллиард теңгедей қаржы бөлінеді. Сонымен қатар 7 жаңа білім ошағы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындағы Күршім ауданы Ұрынқай ауылының ұстаздары жалғыз мектептің жарамсыз екенін айтып, бірнеше жыл бойы шағымданып келген еді. Биліктергілердің айтуынша, 1 қыркүйекте ауыл балалары жаңа мектепте оқиды. Білім беру нысаны барлық талапқа сай болмақ.

Сайрангүл Жұмаділова, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

– Оңқайты ауылындағы Күршім ауданындағы және Жоңышқалы ауылындағы, одан кейін Бесқарағай ауданындағы Жыланды және Жарма ауданындағы Қапай батыр ауылдарындағы мектеп жаңадан салынатын болады. Сондай-ақ 2025 жылға қарай біздің облысымызда 33 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр. Егер осы мектептердің барлығы салынып біткенде облыста оқу орнының тапшылығы толығымен жойылатын болады.