Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

Ikomek жедел қызметі таратқан мәліметінше, бүгін, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады.

Бұл – Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол. Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран салдарынан жолдың көрінбеуі себеп болған.

Айта кетейік, кешеден бері Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар жолдары жабылған болатын.

Сондай-ақ...