«Хабар» арнасының тікелей эфирінде тағы бір отбасы баспаналы болды

28 жастағы Мұстафа – бірінші топтағы мүгедек. Қызмет барысында ауыр жағдайға тап болып, екі бүйрегі сыр берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарындасының да мүгедектігі бар, оған «ергежейлі» диагнозы қойылған. Құлпейісовтер отбасы талай жыл елордадағы саяжайлардың бірін пана етіп келеді. Енді міне, наурыз мейрамына орай қайырымды жандар пәтер сертификатын табыстады. 2018 жылдан бері мүгедектік бойынша кезекте тұрған Мұстафа баспанадан үмітім аз еді дейді. Ойда жоқта баспаналы болған ол алғысын жаудырып, ризашылығын жеткізді. Бұл игі іске «Хабар» агенттігі де үлес қосты. Ұлыстың ұлы күніне арналған телемарафон 23 наурызға дейін жалғасады.

Мұстафа Құлпейісов, қала тұрғыны:

- Осында жұмыс істеп жүріп, денсаулықтан айырылып қалғам 2018 жылы. Құжат жинап тіркелдік, болып қалар деп. Адам саны көп, үміт жоқ. Бүгін ой болған жоқ. Ғұмыры ұзақ болсын «Қарекет» қорының.