Қазақстандық актер Юрий Померанцев 99 жасында өмірден озды

Танымал актер Юрий Померанцев қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Еңбек Ері көрермендерге «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі арқылы кеңінен танымал. Өмірінің 79 жылын театр мен киноға арнаған актер 300-ден аса рольді сомдаған. Театр және киноға қосқан еңбегі үшін «Еңлікгүл», «Сахнагер» және «Алтын адам» жүлдесінің иегері атанып, жүзге қараған шағында өмірден өтті.