«Хабар» арнасындағы телемарафон кезінде 600 адам қайырымдылық көмек алды

«Жаңа күн – Жаңа Қазақстан» атты қайырымдылық телемарафонында алты жүзден астам адамға көмек берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Хабар» агенттігі бірегей жобасының соңғы күні. Телемарафон 14 наурызда басталған еді. Он күн бойы көрерменге мерекелік концерттер, деректі фильмдер, сериалдар және телеарнаның арнайы шығарылымдары ұсынылды. Марафонның тікелей эфирінде демеушілер, сондай-ақ еріктілер, қарттар мен балалар үйі және ұлттық онкологиялық орталық балаларына көмек көрсетті. Аз қамтылған отбасылардан шыққан жеткіншектерге білім беру сертификаттары берілді. Сонымен қатар үш көп балалы отбасының арманы орындалып, оларға жаңа пәтер кілті табысталды. Арнайы жобаның соңғы күнінде елордалық дағдарыс орталығындағы әйелдерге көмек көрсетілді.

Айдос Тұрысбек «Хабар» арнасының шеф-редакторы: