Алматыда арзан бағаға жекешелендірілген компания қала меншігіне қайтарылады

Бұл туралы «Хабар 24» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қала жарық» компаниясы қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандыру және орталықтандырумен айналысады. 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» 4,6 млрд теңгеге сатылады. «ABM Group.com» серіктестігі сатып алады. Бірақ «Алматы қала жарықтың» болжамды құны - 14,8 млрд теңге. Жекешелендіру туралы бұл мәміле Мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді. Осыған байланысты Алматы әкімдігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарық» компаниясын жекешелендіру туралы шешімнің күшін жоймақ.

Сондай-ақ...