Енді WhatsApp желісінде хабарламаға реакция білдіруге болады

WABetaInfo порталының хабарлауынша, аталмыш функция WhatsApp Вeta-ның жаңа нұсқасын көшіріп алған Android телефонының иелеріне қолжетімді болмақ.

Пайдаланушылар алты смайлик арқылы реакция білдіре алады: жүрек белгісі, бас бармақ, жылап немесе күліп, ренжіп, таң қалып тұрған смайлик белгілері бар. Әзірге бұл қызметті белгілі бір адамдар тобы ғана пайдалана алады.

«WhatsApp Messenger-інің жаңа қосымшасын сынақтан өткізуге қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет! Сынақтан өткізушілердің жеткілікті саны жиналды, өтінім қабылдау тоқтатылды», - делінген Google play қосымшасындағы хабарламада.

Портал мәліметінше, iOS және ДК пайдаланушылары үшін де қосымша дайындалып жатыр.