Шымкентте жол құрылысы маманы тапшы   

Елде кәсіби жолшылар жоқ. Инженер, геодезист, картограф пен механик секілді мамандарға мұқтаж, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Шымкенттегі өкілдері қазір мектептерді аралап, осы мамандықтың маңыздылығын түсіндіріп жүр. Оқушылардың жол құрылысына деген қызығушылығын арттырмақ. Күре жол мен қаладағы жол жыл сайын жөндеуден өтеді. Себебі сапасы ақсап тұр, – дейді салаға жауаптылар. Олардың асфальт қабатының беріктігін қамтамасыз етушілердің қызметіне көңіл толмайды.

Руслан Көбенов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қаласы филиалының инженері:

– Юрист, экономист жағынан жұмыс табылмай, жол құрылысына кетіп қалады. Олар енді құрылыс барысында үйренген адамдар. Олар арнайы оқымаған. Сол себептен ол өте маңызды мәселе деп ойлаймын. Геодезист нивелирмен атып, одан кейін мехамнизатор болып кетіп қалып, техникаларды айдап кетіп қалатын жағдайлар да болады.

Жол саласы қызметкерлерінің айтуынша, жоғары оқу орнында қажетті мамандыққа сұраныс аз. Оның өзінде студенттердің көбі жүрек қалауымен емес, ҰБТ-дан өзге мамандыққа балы жетпей амалсыз түскендер, – дейді.

Мұхтар Дүйсембеков, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қаласы филиалының директоры

– Біздің жалпы құрылысқа 5500-ақ оқушы оқып жатыр. Оның өзінде теміржолшы, үй құрылыс бар. Оның ішінде жол да бар. 3-4 мамандық кіреді. Ал бұрын жалпы Қазақстанда таза жолшыларды дайындайтын екі институт бар еді.

Сондықтан сұранысты арттыру үшін 2000 мектеп акциясы басталды. Шара аясында жол активтері ұлттық сапа орталығының өңірдегі өкілдері оқушылармен жүздесіп, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізіп жүр. Осылайша қызығушылығы оянған оқушыларға жеке дара кәсіби бағдар бермек.

Ерасыл Әзімхан, №9 IT лицейдің оқушысы:

– Ең ұнағаны ол Қазақстандағы 30 университетінде осы мамандықтар оқытылыды екен. Бұл мамандыққа 9500-дей грант бөлінген. Ең қатты ұнағаны, жұмысқа кіргенде лобарант ретінде кірсе айлығы 300 мың екен.

Мамандар кадр тапшылығын жою үшін мәселенің шешімін іздеп жүр. Олар сонда ғана білімпаз жастан білікті жұмысшыларды дайындауға болатынын айтады. Сондай-ақ жол активтерінің ұлттық сапа орталығында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен ақылы іс-тәжірибеден өтуге жағдай қарастырылған.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов