Коронавирус пневмониясынан бір адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмония туралы соңғы ақпаратты жариялады.

Ақпаратқа сәйкес 23 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар 2 адам пневмонияға шалдыққан. Бір адам қайтыс болды. Бүгінге дейін 10 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистикаға сүйенсек, ауырғандар – 88 563, 5351 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 82 201-ге жетті.