Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімі берілді

Мұндай шешім қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы кезінде қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қапшағай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенова жергілікті атқарушы билікке бірнеше қоғамдық ұйым мен партиялардың атынан ұсыныс түскенін мәлімдеді. Дауыс беру қорытындысына сәйкес атау беру туралы шешім бірауыздан қабылданды. Бұл пікірді жергілікті тұрғындарда қуана қабылдады. Өйткені Қапшағайдың дәл бүгінгідей туристік қалаға айналуына қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өлшеусіз еңбек сіңірген еді. 

Бұған дейін бұл ұсынысты Мемлекет басшысы өз жолдауында айтқан болатын

Халық қала атауына Д.Қонаев есімін беру туралы ұсынысты халық қалай қабылдағанын да білгенбіз.