Еліміздегі халық саны 19 млн-нан асты

Қазақстанда халық саны 19 143 200-ден асты. Ұлттық статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, оның 11 млн 300 мыңнан астамы қала тұрғындары. Ал,  7 млн 700 мыңнан астам адам ауылда тұрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халық саны 1,3%-ке өскен. Отандастарымыздың 49% жуығы – ерлер, 51% – әйелдер. 11 млн астам адам «еңбекке жарамды» деп танылған. Ал этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70% жеткен.