Ақтөбеде азық-түлік қымбаттап кетті

Ақтөбеде азық-түлік қымбаттап кетті
fbc.ua

Әсіресе, өзге өңірлер мен сырттан келетін көкөніс, жеміс-жидек мен бакалея өнімдерінің бағасы ырық берер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрақтандыру қорының тауары да жағдайға әсер ете алмады. Мұны облыс әкімі мойындап отыр. Сондықтан қамбадағы мамыр айына тиесілі қор санаулы күннен кейін дүкендерге жеткізіледі. Сұраныстың артуын облыс басшысы кей шағын дүкендердің делдалдық әрекетімен түсіндірді. Мұқтаж жандарға арналған тауарды арзанға алып, қымбатқа сату деректері анықталған.

Оңдасын Оразалин, облыс әкімі:

- Ауладағы тұрып жатқан сауда орындарына да біз бұрын-соңды шағын орта бизнес қой, тексермейік деп едік, бірақ жағдай сын көтермейтін болға соң қала әкімінің қазір толық мүмкіншілігі бар. Біздің облыстық басқармамен келісіп, жұмысты ұйымдастырып, оларды да тексеруге, яғни бағаны тұрақтандыруға біз талап қоятын жағдайға келіп отырмыз.