Ішімдік ішіп, көлік айдайтын астаналықтар азаймай тұр – Полиция департаменті

Осы уақытқа дейін ішімдік ішіп, көлік айдаған 2000-ға жуық жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев мәлім етті. «Көлікті масаң күйде жүргізу фактілері айтарлықтай алаңдатады. Ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін жауаптылықтың күшейгеніне қарамастан, осы уақытқа дейін 1892 мас жүргізуші ұсталды. Бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған 1382 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасына кінәлі деген 33 жүргізуші қылмыстық жауапқа тартылды», – деді Марат Төлебаев.