Еліміздің бірқатар аймағында жолдар жабық

Күннің күрт құбылуына байланысты біраз өңірде жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында желдің екпіні күшейіп, тұман түсті. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналып жатыр. Мәселен, Ақмола облысында «Жезказган-Петропавл» тас жолы Қостанай аймағының шекарасына дейін жабық. Ал Ақтөбеде «Самара-Шымкент» жолындағы қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Шығыс Қазақстан облысында да Өскемен- Шемонаиха жолының учаскелері, оның ішінде Ресей шекарасына дейінгі аралықта көлік қатынасы тоқтатылды. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 өңірде ескерту жарияланды.