Ақорда «Жер сағаты» жаһандық акциясын қолдады

Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, бүгін жер-жерде дүниежүзілік «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді. «Жер сағаты» – дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара. Аталған шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді. Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді.