Алматы зообағы жаңғыртылып жатыр

Алматы хайуанаттар бағында жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2016 жылы басталған ауқымды іс-шара кезең-кезеңімен атқарылады. Қазір арықтар  қалыпқа  келтіріле бастады. Осыдан 85 жыл бұрын құрылған зообақта қазіргі кезде хайуанаттардың 50-ден аса түрі тіршілік етеді. Оның біразы Халықаралық табиғатты қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Оның ішінде Қазақстан фаунасында кездеспейтін жапон маймылы, америка қара аюы, африка арыстаны, австралиялық кенгуру сынды жануарлар бар. Тиімді жұмыстың нәтижесінде кейінгі кезде приматтар бөлімінде жануарлар саны көбейе бастаған. 

Ақжами Рахимова, «Алматы  хайуанаттар  бағы» даму бөлімінің басшысы:

– Зообақтың ішкі  инфрақұрылымын жаңалаймыз. Мысалы бұған дейін аюлардың вольерлері тар еді. Біз соларды кеңейте бастадық.  Келесі кезекте құстар мен балықтарға жүзуіне ыңғайлы болуы үшін ескірген арық жүйелерін  реттейміз.