Кинодағы аудармаға көңіліңіз тола ма? Көрермен пікірі

Осы мәселеге қатысты көшедегі халықтың да пікірін білген едік. Халық не көріп, нені байқап жүр? Сауалнамаға кезек берейік.

Блиц:

– Голливудтың киноларын аудармамен көрген жоқпын. Субтитр тұрған кезде әрқашан көз түседі де, субтитрді қарап отырасың, қарамайын десең де қарап отырасың. Ол кезде көңіл толмайтын жағдайлар көп кездеседі.

– Қазақша субтитрден қателіктерді байқаймын. Барлығынан минус іздей берсең, шыға береді. Сондықтан шүкір ету керек. Қазір қазақша кинолар көбейген. Шүкір, дамып жатырмыз. Қазақ тіліміз осылай дамиды деп ойлаймын.

– Орыс тілінен аударғанда қателіктер көп болады. Аудармашы дұрыс жұмыс істемейді.

– Қазақ фильмдерін көремін. Бірақ мультфильмдер көрмеппін. Негізінде киноға барғанда субтитрге қараймын, бірақ ол жерден қате байқаған емеспін.

Сондай-ақ...