«Вова ағамды көмекке шақырамыз». «Европа Плюс Қазақстан» жүргізушісі жұмыстан қуылды

«Европа Плюс Қазақстан» радиостанциясы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Любовь Панованы жұмыстан шығарды.

Бұл туралы радиоарнаның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда бүгіннен бастап радиожүргізушімен арадағы еңбек қатынасының үзілгені жазылған.

Еске салайық, Любовь Панова фейсбукта қазақстандықтарға қарата «Көп сөйлей берсеңдер, Вова ағамды көмекке шақырамыз» деп жазған еді. Бұдан кейін радио әкімшілігі қызметкерінің жеке парақшасындағы жазбасы ұжымның ұстанымын білдірмейтінін мәлімдеді.