470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде жүк тасымалы көлемі артып келеді – ҚР ИИДМ

  • 185
  • UPD: 10:35, 29.03.2022
Елімізде жүк тасымалы көлемі артып келеді – ҚР ИИДМ BAQ.KZ

2022 жылдың алғашқы екі айында елімізде жүк тасымалы көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама артты.

Атап айтқанда, теміржол көлігімен жүк тасымалы 10% өсіп, 70,8 млн тоннаны, транзиттік жүктерді тасымалдау 20%-ке артып, 4 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар контейнерлермен тасымал 12%-ке ұлғайып, 174,7 мың жиырма футтық баламаға жетті.

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Министр өз баяндамасында биыл алдымызда теміржолмен жүк тасымалы көлемін 420 млн тоннаға, транзит тасымалдарды 24,5 млн тоннаға және контейнерлер транзитін 1,1 млн жиырма футтық баламаға жеткізу міндеті тұрғанын атап көрсетті.

ҚР ИИДМ мәліметінше, жалпы еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың негізгі көрсеткіштері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасында айқындалған. Соған сәйкес 2025 жылға дейін Қазақстанда транзиттік тасымал көлемі 30 млн тоннаға дейін жетуі тиіс. Осы мақсатта теміржол инфрақұрылымын салу, жылжымалы құрамды жаңарту, жүктерді контейнерлендіру, балама бағыттар мен халықаралық дәліздерді дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы