478,46 474,60 7,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Халықты вакциналау жалғасады – Ералы Тоғжанов

  • 119
  • UPD: 13:59, 29.03.2022
Халықты вакциналау жалғасады – Ералы Тоғжанов

Елімізде қалыптасқан ұжымдық иммунитетті әлсіретіп алмау жайы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін 10 млн адам екпенің қос компонентін салдырған. Қазір азаматтар Pfizer-ді алуға құқылы. Оған қоса ай сайын елде Qaz Vac-тың 500 мың дозасы шығарылады. Ералы Тоғжанов көршілес мемлекеттер, оның ішінде, Қытайда, Тынық мұхиты аумағындағы елдерде коронавирус өршіп тұрғанын ескертті. Сондықтан мемлекет шекарадағы шектеулерді түгел алуға асықпайды. Бірақ 33 елдегі вакциналау паспорты бар азаматтар біздің шекарадан еркін өте алады. 

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Былтырғы алғаныңыз жетпейді.  6 айдан кейін қайтадан алу керек қой деп ойлаймыз. Әсіресе, шетелге шығатын азаматтарға қатты ойлану керек. Әсіресе, коронавирус жұқтыру деңгейі  әлі төмен түспеген елдер, оның ішінде, өсуі бар елдерде. Тынық мұхиты аумағы елдерінде әлі өсу байқалып жатыр, сондықтан оның бәрін ескеруіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы