Елімізде «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы жарияланды

Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт. Бүгін елде осындай атаумен арнайы республикалық жоба басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі мүшелерінің бастамасымен әзірленген. Бұл жоба отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Оның аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының арасында тығыз байланыс орнату жоспарда бар. Жақын арада аталмыш жобаның жол картасы әзірленіп, еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылады.

Бақытжамал Максилова Павлодар облысы аналар кеңесінің төрағасы:

– Қазір қыз бала тәрбиесінің маңызы зор. Қазақта айтылады ғой, бірінші қыз бала туғанда, сен аяулы ана боласың деп тәрбиелеу керек. Ал ұл туса, сен ертең үлкен ақсақал боласың деп тәрбиелеу керек. Сонда бір бала сұраған неге мен ақсақал болуым керек? Сонда баланың ақсақалдың қасиетін, құрметін білмейді. Соны түсіндіру біздің міндетіміз болып тұр.

 

Сондай-ақ...