Ақ қар, көк мұз. Елордадан шығатын жолдар жабық

Арқада ақ боран соғып тұр. Кешелі бері елордадан шығатын жолдар жабық.

Тіпті қала маңына да автобустар қатынай алмады. Коммуналдық қызмет түні бойы қар тазалағанмен, ұйытқыған боран жолды қайта басып жатыр. Алдында қар еріп, су жайылғандықтан, қазір көше арасы көкала мұз. Көктайғақ. Түнде Ақмола, Ақтөбе,Қарғанды, Қостанай мен Павлодар облыстарында жол жабылды. Барлығы 45 аумақта шектеу енгізілген. Кеше оңтүстік өңірде де, әсіресе Алматыда жел күшейіп, шатырларды ұшырған еді. Кей аумақта талдар құлап, жарық сөнген. Боран көп аймақта бүгін де соғып тұр. Сол себепті мамандар қиын жағдай туындаса, 1403 нөміріне хабарласуды ескертеді.

Сондай-ақ...