Нұр-Сұлтан - Қостанай бағытында 20 жүк көлігі кептелісте тұр

Жолда қалған 104 адам құтқарылды. Оның 38-і бала.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабының хабарлауынша, қазір елордаға қатынайтын республикалық және облыстық маңызы бар 6 автокөлік бекеті жабық. Нұр-Сұлтан - Көкшетау жол бекетінде 40 жеңіл көлік және Нұр-Сұлтан - Қостанай бағытында 20 жүк көлігі кептелісте тұр. Ал елорда әуежайында сағат 10-ға дейін ұшақтар кідіріспен ұшады.

Естеріңізге сала кетейік, жолда қалған азаматтарға көмек қолын созу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел желісі іске қосылды. Экранда көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласа аласыздар.

Жедел желі: 8 (7172) 53 32 84

Сондай-ақ...