Қарағанды облысында қар құрсауынан 500 адам құтқарылды

Қарағанды облысында жолдар әлі жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Далада қалған 500-ге жуық адам құтқарылды. Мұнда да арнайы штаб құрылған. Жол бойына 14 бекет қойылып, онда төтенше жағдай қызметкерлері мен полиция жұмыс істеп жатыр. Аталған жұмыстарға 130 адам және 70 техника жұмылдырылды. Кешеден бері облыстың әр аумағында 17 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді. Жылыту орындарына 150 адам жеткізілген, оның 22-сі бала. Облыс бойынша 5 бірдей көп қабатты үй мен әлеуметтік нысанның шатыры ұшқан.