БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы бұйрығымен агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды.

Нұрлан Қыдырбаев 1992 жылы Мәскеу темір жол және көлік инженерлері институтын, 2001 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

1993 жылдан 2018 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

Осы уақытқа дейін агенттіктің қызмет басшысының орынбасары болды.