Зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс

2050 жылға қарай еңбекке қабілетті халыққа жүктеме екі есе артады.

БҰҰ осындай болжам жасады. Ал біздің елде осы аралықта зейнеткер саны 3 миллионға жетеді. Қазақстанда республикалық бюджеттің төрттен бір бөлігі жыл сайын зейнетақы төлеуге жұмсалады. 2028 жылға қарай төленетін зейнетақы орташа айлықтың шамамен 47%-ін ғана құрайтын болады. Және көрсеткіштер жыл өткен сайын төмендей береді, дейді сарапшылар. Осы орайда жүйеге бірқатар өзгеріс енгізіледі. 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5%-тік міндетті зейнетақы жарналарын енгізу көзделген. Ал 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделген. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нақты тетігін пысықтап жатыр.

Халықаралық еңбек ұйымының талабына сәйкес, жоғалған табыстың кемінде 40%-ін зейнетақымен алмастыру керек.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІС

2050 жыл

Зейнеткер саны - 3 млн

Республикалық бюджет - 4/1

 

2028 жыл

Орташа айлық - 47%

 

2023 жыл

Міндетті зейнетақы жарнасы - 5%