Солтүстік Қазақстанда жергілікті ғалым орман фермасы құрмақ

Жеміс демекші, бізге де Шығыстан келіп жататын әрі бағасы өте қымбат жапон ақмиясы, грек жаңғағы, өрік, құрма секілді жемістер біздің елде де өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті берекелі оңтүстік өңірі емес, қысы ұзақ солтүстікке де жерсінген. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті ғалым Тимур Звереченко орман фермасын құрмақ. Ғалым былтыр солтүстікке таңсық ғылыми тәжірибе бастады. Ол суық өлкеде мүлдем өспейтін жапон ақмиясы, грек жаңғағы, моңғол емені, құрма, талшын, өрік ағаштарының тұқымын екті. Енді жас көшеттерді далаға жерсіндіріп, орман фермасын ашуды жоспарлап отыр.

Тимур Звереченко, Манаш Қозыбаев атындағы университеттің доценті:

– Өңірімізде орман өзімен-өзі өсіп, 50-60 жылдан кейін отап тастаймыз. Сонымен болды. Оттегіден басқа берері жоқ. Ал біз бұл алқаптарды жалға алып, жеміс ағаштарын егуді ұсынып отырмыз. Яғни агроорман шаруашылығын дамыту.

«Орман фермалары Батыс елдерінде жақсы дамыған», – дейді маман. Ондағы кәсіпкерлер бағалы ағаш, жеміс-жидек, дәрілік өсімдік түрлерін өсіріп, пайда табады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Былтыр ғалымдар балқарағай, емен, жаңғақ, құрма секілді ағаштарды далаға егіп көрді. Бұл олардың алғашқы қыстауы. Енді тамырын тереңге жайғандары арнайы алқаптарға егіледі.

Әзірге Тимур Звереченко экожобасын Петропавлдағы балабақшаның тәрбие бағдарламасына енгізді. Қазір мұндағы бүлдіршіндер ағаш тұқымдарын егіп, зертханада тәжірибе жүргізеді. Оның үстіне бөбекжайға қараусыз қалған жас техникатер станциясы берілді. Енді олар жылыжай жұмысын жандандырмақ.

Мәдина Дарбаева, балабақша директоры:

Тәрбиешілер мен бүлдіршіндеріміз 3 мыңнан астам көшет дайындады. Осы бәрі өсімдіктер станция юнатовқа мамыр айында отырғызылады. Біздің мақсатымыз – өзіміздің қаламызда балалар аллеясын отырғызу.

Тың жоба экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан қолдау тапты. Олар ғалымға орман алқаптарын жалға беруге дайын. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев